موقع الكاتب صلاح معاطي
مرحبا أيها الزائر العزيز أنت الأن في نطاق موقع الروائي صلاح معاطي
موقع الكاتب صلاح معاطي
مرحبا أيها الزائر العزيز أنت الأن في نطاق موقع الروائي صلاح معاطي
موقع الكاتب صلاح معاطي
هل تريد التفاعل مع هذه المساهمة؟ كل ما عليك هو إنشاء حساب جديد ببضع خطوات أو تسجيل الدخول للمتابعة.

موقع الكاتب صلاح معاطي

موقع يحتوي كتب واعمال الروائي صلاح معاطي
 
الرئيسيةالبوابةأحدث الصورالتسجيلدخول


















دخول
اسم العضو:
كلمة السر:
ادخلني بشكل آلي عند زيارتي مرة اخرى: 
:: لقد نسيت كلمة السر
بحـث
 
 

نتائج البحث
 
Rechercher بحث متقدم
المواضيع الأخيرة
» باربيكيا
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالأربعاء نوفمبر 18, 2020 1:10 am من طرف صلاح معاطي

» عائلة السيد رقم 1 الطبعة الثانية
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالإثنين ديسمبر 30, 2019 9:53 am من طرف صلاح معاطي

» إبداعات قصصية
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالإثنين ديسمبر 30, 2019 9:32 am من طرف صلاح معاطي

» من باب الفتوح لباب النصر حلقة الحاكم بأمر الله
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالأربعاء مايو 23, 2018 11:45 am من طرف صلاح معاطي

» صراع المساحة في رواية بونجا للكاتب المصري صلاح معاطي دراسة للكاتب التونسي الهادي ثابت
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالثلاثاء مارس 15, 2016 5:27 pm من طرف صلاح معاطي

» عالم الخيال العلمي
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالثلاثاء أغسطس 25, 2015 3:06 pm من طرف صلاح معاطي

» أم صالحة
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالجمعة أبريل 10, 2015 10:09 am من طرف صلاح معاطي

» مولد وصاحبه حاضر
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالإثنين أبريل 06, 2015 2:58 pm من طرف صلاح معاطي

» مناقشة مسرحية الإنسان الكلورفيللي للكاتب محمد الجمل
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالأحد أبريل 05, 2015 4:55 pm من طرف صلاح معاطي

ازرار التصفُّح
 البوابة
 الصفحة الرئيسية
 قائمة الاعضاء
 البيانات الشخصية
 س .و .ج
 ابحـث
منتدى
المتواجدون الآن ؟
ككل هناك 5 عُضو متصل حالياً :: 0 عضو مُسجل, 0 عُضو مُختفي و 5 زائر :: 1 روبوت الفهرسة في محركات البحث

لا أحد

أكبر عدد للأعضاء المتواجدين في هذا المنتدى في نفس الوقت كان 68 بتاريخ الخميس فبراير 01, 2024 12:03 am

 

 "حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى"

اذهب الى الأسفل 
كاتب الموضوعرسالة
صلاح معاطي
Admin



عدد المساهمات : 106
السٌّمعَة : 0
تاريخ التسجيل : 21/08/2009
العمر : 65
الموقع : http://salahmaaty.maktoobblog.com

"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Empty
مُساهمةموضوع: "حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى"   "حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى" Emptyالأحد مايو 15, 2011 1:13 pm

"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى"
بقلم أوباكيروفا كونديزاي
و اللأستاذة كوبتيليوفا دينا

Египет жазушысы Салах Маатаның «Шамаил қазынасы» атты романының тарихи шындығы

Египет жазушысы әрі журналист, белгілі қоғам қайраткері, жиырмадан астам кітаптың авторы, әлемдік және республикалық деңгейдегі түрлі сыйлықтардың иегері Салах Маата өзінің 2005 жылы Әбдел Құддус сыйлығына ие болып, үлкен жетістікке жеткен «Шамаил қазынасы» атты шығармасын 2002 жылы жазып бітірген екен. Бұл тарихи романда мәмлүктер кезіндегі шынайы өмір шебер суреттелген. Мәмлүктер тұсындағы тарих туралы жазылған бұл романға тоқталмас бұрын «Мәмлүк» сөзінің этимологиясын қарастырсақ, ол – Ислам тарихында үлкен рөл ойнаған «ақ құлдарға» қатысты туындаған. Бұл сөз араб тіліндегі «Мәләкә» - иелену, билеу деген етістіктің ырықсыз етісінің есімшесі. Мағынасы:
1. Иеліктегі, біреудің қол астындағы, біреуге тәуелді адам.
2. Жалдамалы. Егер мәмәлүктер кезеңінің деректеріне сүйенсек онда олар біздің түсінігіміздегі құлдармен тең еместігін аңғарамыз. Тіпті, қазақ шежіресінде де Сыр бойынан Мысыр мен Сирия жеріне қоныс аударған оғыз, қыпшақ тайпалары болғандығы, оларды «көндігер» деп атағандығы жөнінде айтылады екен [2, 95]. Мәмлүктерді «ақ құлдар» дегеннен гөрі «жалдамалы» немесе «арнайы дайындықтағы адам» деу орынды сияқты [3, 8-9].
ХІІІ ғасырда мәмлүктер Мысыр әскерінің көп бөлігін құраған. 1250 жылы соңғы Аййубид Туран-Шахтың өлімінен кейін билік басына мәмәлүктер келіп, екі үлкен әулетті құрады: Бахри немесе түріктер (1250-1390) және Буржи немесе черкестер (1390-1517).
Бірінші әулеттің атауы Алтын Орданың құрамына кірген Қара теңіздің жағалауында көшіп-қонып жүрген түркі халқынан шыққан сұлтандардың билігімен байланысты. Монғол шапқыншылығы кезінде тұтқынға түскен құлдар италяндықтарға сатылған, кейін олар теңіз (арабша бахр) арқылы Египет сұлтандарына жеткізілген.
Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы кезінде Солтүстік Батыс Кавказдың халықтары да қырғынға ұшырап, құлдыққа алынып, басқа елдерге сатылған болатын. Буржи (арабша мағынасы мұнара, Кавказдық мәмлүктерден тұратын сұлтан Калаун құрған алғашқы әскери құрам Каир қамалындағы мұнараларда орналасқан болатын) атты екінші әулеттің атауы осы жерден шықса керек.
1250 жылдан 1390 жылдар аралығында билік құрған Бахри сұлтандарының тұсында Египеттің әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай өзгерістер болып, феодалдық жер иелену формасы мен әскери құрамалар күшие түсіп, әскердің саны екі есе өсіп, моңғолдық әскери тәртіптің кейбір тәсілдері қолданылған. Көптеген жерлер феодалдардың қолына өтіп, жерді жалға беру болды. Бірақ шаруалардың негізгі бөлігі хараж салығы арқылы қаналып отырған.
1390 жылдан 1517 жыл аралығында билік еткен черкестік мәмлүктердің тұсында шаруалардың еркіндігі мен бостандығына қатты шек қойыла бастайды. ХV ғасырдың екінші жартысында мысырлық тарихшы әрі географ әл-Мақризи былай деп жазған болатын: «Ауылдық жерлерде тұратын шаруалар (фаллах қарари) осы аймақ тиесілі болған иқта иегерінің құлы болып саналды. Ол өзінің еркіндік алуына немесе басқа біреуге сатылуына еш үміттенбейтін де; керісінше өзі де, оның балалары да мәңгілік құл болып қалуға тиісті болды». Өз еріктерімен тұрған жерлерін тастап кеткен шарауалар күшпен кері қайтарылып, жазаға тартылған [12].
Әсіресе, шетелдік мәмлүктердің тарапынан елде тәртіпсіздіктер орнап, халыққа қатігездік пен жауыздықтарын танытады. Алғашқы черкестік сұлтан Бурқуқтың тұсында да осындай жағдайлар орын алған болатын. Қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары да шиеленісіп, төменгі таптар мен сұлтандар арасында әлсін-әлсін қақтығыстар болып тұрады [46].
Мәмлүктердің билігі тұсындағы Мысыр елінің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайының тарихта қалай болғаны жоғарыда толық баяндалды. Бұл тарихи шындықтар Салах Маатаның «Шамаил қазынасы» романында да дәл әрі өте көркем суреттелген. Сол дәуірдегі халықтың әл-ауқаты мен елде орын алған қоғамдық жағдайларды романның бас кейіпкерлері Жәләл ад-Дин мен оның әйелі Фатиманың тағдырынан және оның баласы Хасан, Салих Шахаби мен қарапайым халықтың күнделікті тіршілігінен көрсек, елдің саяси жағдайы туралы Сұлтан Бурқуқ пен Жәмәл ад-Диннің және Шамдағы әмірлер Жакам, Шайх Махмуди, Науруз бен оның айналасындағылардың тағдырынан, сонымен қатар Шамаил қазынасындағы тұтқындардың іс-әрекеті мен сөздерінен біле аламыз.
Бахрилердің соңғы сұлтаны Салах Хаджиді тақтан тайдырып, алғаш рет 135 жыл билік еткен черкестік мәмлүктер әулетінің негізін салушы черкестік Бурқуқ сұлтан болады. 1398 жылы Сұлтан Заһир Бурқуқтың өлімінен кейін әмірлер оның он жас шамасындағы баласы Фаражды сұлтан етіп сайлайды. Сұлтан Наср Зин ад-Дин Абу ас-Саадат Фараж ибн Бурқуқ Буржи мәмлүктері әулетінің екінші (1398-1405) және төртінші (1406-1412) сұлтаны болады. Ол Каир қаласында әмірлердің арасындағы алауыздық пен талас-тартыс өршіп тұрған сәтте, 1388 жылы дүниеге келген. Малик Наср деген лақап атқа ие болған Фараждың билік еткен тұсында елдің қоғамдық-әлеуметтік жағдайы өте ауыр болатын. Бір жағынан Мысырда сұлтандыққа ұмтылған әмірлердің арасындағы қақтығыстар, екінші жағынан Шам жеріндегі әмірлердің оларға көмек көрсетуі жағдайды ушықтыра түсті. Дәл осы кезде Темірлан бастаған манғолдрадың шапқыншылығы да белең алады [4].
Темірлан тарих сахынасында маңызды рөлге ие болып, Орталық Азияны түгелдей жаулап, Кавказ, Парсы, Қытай, Сирия жерлеріне дейін жеткен. Темірлан өзінің жеті жылдық жорығын 1399 жылдан бастайды. 1400 жылы Мысыр Сұлтаны Фаражға, кейін 1393 жылы оның елшісін өлтіруге бұйрық берген Бурқуқтың билігінде болған Сириядағы Халеб (Алеппо) қаласын, 1401 жылы Дамаск қаласын басып алады [5].
Темірланның қалың қолы Шам жеріне басып кіріп, онадағы халықты үлкен қырғынға ұшыратып, егістік жерлер мен тұрғын үйлер, мәдениет ошақтары өртке ұшарайды, қалалар тоналады. Олар қалаларда шегірткеше жайылып, барлық жауыздықтарын көрсеткен. Кейбір дерек көздерінде он екі мың әскерімен Халеб қаласына басып кіріп, төрт күннің ішінде қаланы түгел жаулап алады. Халеб қаласымен қатар Урум-кала, Айнтаб, Дамаск қалаларын басып алып, Мысыр сұлтанына да қауіп төндіргенімен, басып алған жерлерге әскерлерін қалдырып, Темірлан өз жеріне, Самарқандқа қайта оралады. Дегенмен 1405 жылы үлкен империяны басқарған Темірлан қаза тапқанға дейін мәмлүктердің жүрегіне қорқыныш ұялатады [6].
Буржи мәмлүктерінің кезінде де Шам әмірлері тарапынан түрлі мәселелер мен бүліктер шығып, сұлтанға қарсы қастандықтар ұйымдастырылады. Бірақ әмірлердің бүліктері Наср Фаражға дейін жетіп, 1405 жылы тамыз айында көтеріліс өз шегіне жетіп, әмірлер сұлтанға қарсы одақтасып, оны тақтан тайдырып, орнына оның інісі Әбдел Әзизді сұлтан етіп жариялайды. Ал Наср Фараждың жақтастары болса, сұлтанның қайта таққа келуін құптап, оның оралуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады. Нәтижесінде Сұлтан Фараж бен оның інісі Әбдел Әзиздің арасында болған үлкен күрестен кейін сұлтан Фараж жеңіске жетіп, 1406 жылы қайта таққа оралады.
Екінші рет таққа келген кезеде де Шамдағы мәселелер өз жалғасын тауып, Насыр Фаражға Халеб қаласының әмірі Абдуллаһ Жакамның тарапынан үлкен қауіп төнеді. Ол Мысырдағы сұлтандыққа ие болу үшін әл-Адил атты лақап атымен өзін Шамның сұлтаны ретінде жариялайды. Шейх пен Шамның әмірі Науруздан басқа әмірлердің барлығы оған қолдау көрсетеді. Бірақ арада көп уақыт өтпей Жакам жорықтардың бірінде қаза табады. Черкестік Шейх әл-Махмуди бастаған Триполи мен Дамск қалаларындағы әмірлердің қарсылығы Сұлтан Фараж үшін ауыр соққы болады. 1412 жылы Сұлтан Фараж қақтығыстардың бірінде қаза тауып, Шейх әл-Махмуди әл-Муайад есімімен сұлтандыққа келеді [7].
Жазушы Салах Маата жоғарыда аталған тарихи шындықтарды өз шығармасында өрнектей отырып тізіп шықса да, автор оқырмандарға тек тарихи айғақтарды жеткізумен ғана шектелмей, осы тарихи оқиғалар мен Сұлтан Бурқуқ, Жакам, Шейх әл-Махмуди сияқты тарихи тұлғалар арқылы қазіргі заманда орын алған шынайы оқиғаларды да астарлы әрі бейнелі түрде жеткізеді.
Шейх әл-Махмуди (1358-1421) Мысырға құл ретінде келіп, жас кезінде өзінің батылдығымен танымал болады. Оны Сұлтан Бурқуқ сатып алып, кейін Шам жеріне әмір етіп тағайындайды. Шейх әл-Махмуди Сұлтан Фараж ибн Бурқуққа қастандық ұйымдастырғаны үшін Шамаил қазынасына қамауға алынып, үлкен азапты бастан кешіреді. Түрмеде жатып, сол жерден шықса, Шамаил қазынасының орнына үлкен мешіт салуға уәде береді. Бірнеше жылдан кейін түрмеден қашып шыққаннан соң Дамаск қаласының әмірі Наурузбен біріге отырып Сұлтанға қарсы шығады да, Фараждың өлімінен кейін 1412 жылдан 1421 жылдар аралығында сұлтан болады.
Шейх әл-Махмуди сұлтан болғаннан кейін өзінің берген уәдесінде тұрып, азапқа толы Шамаил қазынасын қиратып, оның орнына жаңа мешіттің құрылысын бастап, оған көп қаржы бөледі.
Шамаил қазынасы Баб Зуейланың солтүстігінде орналасқан. Оны Малик Камил Мухаммад ибн әл-Адил Абу Бакр ибн Аййубтың тұсында Каир қаласында уәли болған Әмір Алам ад-Дин Шамаил негізін қалайды. Ол жантүршігерлік көрінісі мен үлкен азап, жауыздық пен қатігездік арқылы аты шыққан түрмелердің бірі болған. Шамаил қазынасына тек өлім жазасы мен ауыр жазаға тартылғандар, атақты қылмыскерлер немесе сұлтанға қарсы шығып, оған қастандық ұйымдастырғандар қамалатын болған. Бұл жағдай Фараж ибн Бурқуқтың тұсында шегінен шығып, түрмеге қамалғандар ауыр азапқа ұшырап, сыртқы әлеммен байланыстары үзілетін болған. Тек Сұлтан Шейх әл-Махмуди таққа отырғаннан кейін Шамаил қазынасы Каир қаласындағы үлкен мешіттердің біріне айналады [14].
Міне жоғарыда келтірілген тарихи шындықтар Салах Маатаның «Шамаил қазынасы» атты тарихи романында ойдан шығарылған кейіпкер Жәләл ад-Дин Жумдардың тағдыры арқылы шебер тізбектеледі. Онда тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар екінші орынға шығады да, шығарманың негізгі идеясын құрайды. Жазушының бұл шығармасы туралы араб тіліндегі деректерде де кездесіп, оның тарихи маңыздылығы ерекше аталады. Мысалы, Абуд Мұстафа әл-Абуд өзінің «Шамаил қазынасы... Тарихи роман қалай жазылады?» атты мақаласында былай деп жазады:
Жазушы әрқашан өзінің айтқысы келген нәрсесін тікелей айта салмайды. Қаламгер ол үшін символикалық әдістерді қолданады не болмаса басқа уақыт аралығы мен басқа жерді сипаттауға жүгінеді. Егер романды оқи отырып көз алдымызға өткен дәуір келетін болса (жазушы өткен тарих пен қазіргі заманды байланыстырғысы келсе де, келмесе де), онда бұл шығарма тарихи роман болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:
 белгілі бір тарихи кезеңді дәл әрі нақты суреттеп, белгіленген шектен шықпайтын шығармалар;
 қазіргі заманда орын алған қоғамдық жағдайларды сынға ала отырып, қоғамға өзгеріс әкелу мақсатымен өткен тарихты қайта жандандыратын шығармалар;
 шынайы болған оқиғаны қиялдан шыққан қарапайым әңгімелердің негізінде сипаттайтын туындылар. Тарихи романның қандай түрі болмасын, олар белгілі бір оқиғалар және тұлғалармен тікелей байланысты болады [8].
Жазушы Салах Мааттаның «Шамаил қазынасы» атты шығармасын оқып, терең ойланған адам жазушының араб әлемінде болып жатқан түрлі күрестер мен заңсыздықтардың, әсересе Ирак пен Америка арасындағы соғыстардың себебінен қайғыға батып, көз ілмейтінін аңғаруға болады. Жазушының Сұлтан Насыр Зин ад-Дин Абу ас-Суадат Фараж ибн Бурқуқтың билік еткен кезеңіндегі оқиғаны суреттеу арқылы нені меңзегенін білуге болады. Мүмкін, осы кезең арқылы араб қоғамының жан-жаққа ыдырап, араб елдерінің басшылары арасындағы талас-тартыстарды көруге болар. Термірланның бастауымен болған маңғолдардың шапқыншылығы арқылы араб елдерінің барлығына қауіп төніп тұрған үлкен қатерді көрсетпекші шығар. Бұл кезеңнің қазіргі заманмен айтарлықтай ұқсастығы бар. Егер біз бұл ұқсастықты қазіргі кездегі араб әлемімен жоғары дәрежедегі сәйкестік деп айтсақ та асыра сілтемеген болар едік. Сионисттердің бағындыру саясаты арабтардың денесіне ауыр тікен қадағандай болса, американдық басшылар жоғары дәрежеде барлық жерде ішкі заңсыздықтар мен қатігездер тарата отырып, араб әлемінің байлықтары мен құндылықтарын иеленуде.
Мүмкін жазушы шынайы түсініктер қалыптастыру үшін өткен тарихқа жүгіну арқылы қазіргі заманда қалыптасқан саяси жағдайларды жаңа арнаға өзгерткісі келген болар. Роман Жәләл ад-Диннің Шамаил қазынасына қамауға алынумен басталады. Ол ішіне кіргендердің барлығы қиындыққа ұшырайтын үлкен азапқа толы жер болатын. Жазушы түрмені былайша суреттейді: «Оның күлгін сары қабырғалары тегіс емес, сырты түсіп, ылғалдылық қаптаған, біраз жері шешек ауруына ұшырағандай шұрық тесік... Қап-қара, биік төбесінің бұрыш-бұрышына өрмекшілер ұялаған, оған қоса ағаш арқалықтың бірінде жарқанақтар аяқтарымен жабысып, зынданның кеңістігінде денелері мен қанаттары салбырап жатыр. Тек көздері тас қараңғылық басқан бұл мақұлықтар түрмедегілерді қарауылдап жатқан шайтандай көрінді...».
Жазушының Шамаил қазынасы атты бұл түрмеге берген сипаттамасынан және ондағы қылмыскердің: «Неліктен оны тозақ не қасірет, болмаса, тамұқ не жаһаннам деп атамай, қазына деп атағанын түсінбедім» деген сұрағына қылмыскерлердің бірі кекесін дауыспен: «Әрине, қазына деп атайды, себебі оның ішінде өте бағалы заттар сақталынған... Жер бетінде бізден бағалы жан бар ма осы?» деген және романдағы бас кейіпкерлердің бірі Алә ад-Дин «Оны тұрғызған Камил Мухаммад әл-Аййуби патшаның уәзірі болған Алам ад-Дин Шамаилды Алланың қарғысы атсын» деген сөздерінен оның мағынасын аңғаруға болады.
Жазушының сипаттамасы мен Шамаил қазынасының мағынасын түсінгеннен кейін Ирактағы «Абу Грейб» атты түрмеде орын алған және қазірде болып жатқан азаптар оқырманның көз алдына келеді. Бұл шығырманы оқығаннан кейін жазушының тарихи романдарды жазуда қазіргі заманды көрсету үшін өткен тарихты қайта жаңғыртқанын байқай аламыз [8].
«Абу Грейб» - Ирактың астанасы Бағдад қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Абу Грейб қаласындағы әлемдегі ең қорқынышты, азапқа толы атышулы түремелердің бірі. Бұл түрме өз жұмысын 1970 жылдан бастап, Ирактағы көсемнің бірі Садам Хусейннің тұсында да белгілі болған. Бұл кезде түрме жалпы қауіпсіздік басқармасы Амн аль-Аммның қарамағында болатын. Тек 1984 жылдың өзінде төрт мың қылмыскер өлім жазасына тартылған. Арнайы қауіпсіздік ұйымының басшысы Саддам Камелдің өзі саяси тұтқындарды дарға асу мен азаптау шараларына қатысып отырған. Батыстағы баспасөз беттерінде бұл түрме «Саддамның азаптау орталығы» ретінде көрсетілген. Американдықтардың Иракқа басып кіргеннен кейін Абу Грейб түрмесі олардың қолына көшіп, онда Батыс одақтарының күшіне қарсы тәртіпсіздіктер мен қылмыс жасаған ирактықтар қамауға алынған. Түрменің саяси тұтқындар отыратын бөлігі «ашық» және «жабық» қанат деп екіге бөлінген. «Жабық» қанатқа сыртқы әлеммен байланысы үзілген тек шииттер ғана қамалған. Парсы шығанағындағы соғыс кезінде Абу Грейб түрмесінде американдық тұтқындар ұсталған болатын [10].
2004 жылы түрмедегі американдық солдаттардың ирактық тұтқындарды азапқа салып, оларды қинауы туралы бірнеше айғақтар ашылып, осы мәселе әлемдік деңгейде үлкен жан-жал тудырып, бұл атышулы түрме 2006 жылы 9 наурызда уақытша жұмысын тоқтатқан болатын. Американдық салдаттар қатігездік пен асқан жауыздық танытып түрмеге алынған ирактық тұтқындарды түрлі жолдармен азаптап, суретке түсіп, достарына үлкен мақтанышпен жіберіп отрыған [11]. Олар мұнымен ғана шектелмей, тіпті өлген адамның денесіне қатыгездікпен түрлі тәжірибелер жүргізген. Осы іске қатысты он екі американдық сотқа тартылып, бас бостандығынан айрылу, қызметінде төмендетілу сияқты жазаларға тартылған. 2009 жылы түрме қайта жөндеуден өтіп, заман талабына сай жабдықталып, өз жұмысын қайта жалғастырады. Қазіргі таңда бұл жер Орталық Бағдад түрмесі деп аталып, 12 мың адамға есептелінген үлкен кешенді құрайды [15].
Бұл түрме туралы, онда орын алған азаптар мен американдық солдаттардың тұтқындарға көрсеткен жауыздықтары мен қатыгездіктері туралы жас журналист Михаил Сергушевтің «Тюрьма Абу Грейб. Добро пожаловать в ад» атты 2005 жылы жарық көрген кітабында баяндалады. Жас журналист өзінің еңбегінде өмірде болған шынайы оқиғаларды негізге ала отырып, американдық жауынгерлердің қандай жолмен терроризммен күресіп, Иранда қалай демократиялық режим орнатып жатқанын суреттейді. Онда Абу Грейб түрмесіне тұтқынға түскен командир Николай Мазуренко өзінің бастан кешкен азаптары туралы сөз қозғайды.
Міне жазушы өзінің «Шамаил қазынасы» атты шығарамсы арқылы көрсеткісі келген басты мәселе де осы болар. Романда Шамаил қазынасы қандай жантүршігерлік көріністер арқылы суреттелсе, тарихта да Абу Грейб түрмесі сондай азапқа толы болып отыр.
Автордың өзі айтқандай бұл роман мәмлүктер кезіндегі тарихты баяндаса да, оны осы заманмен тығыз байланысын да аңғару қиын емес. Жазушы өткен тарих арқылы, яғни мәмлүктер кезіндегі сұлтанның озбырлығы мен қатыгездігі, сонымен қатар әмірлердің арасындағы алауыздық пен өзара талас-тартыстар арқылы қазіргі кездегі араб елдерінің арасындаға өзара түсініспеушілік пен алауыздықты, ал Сұлтан Наср Зин ад-Дин Аби ас-Суадат Фараж ибн Бурқуқтың билігі тұсындағы Темірланның жорығы мен қатігездігі арқылы Америка мен Еуропадағы ірі елдердің, сионистердің араб елдеріне деген қатынасын көрсеткісі келсе керек.
Салах Маата өзінің «Шамаил қазынасы» атты туындысында өткен тарих арқылы тек қазіргі кезде араб әлемінде орын алған жағдайларды жеткізумен ғана шектелмей, осы шығармасы арқылы қоғамға өзгеріс әкеліп, халықтық санасына белгілі бір дәрежеде әсер етуді қаласа керек. Себебі жазушы өзінің романында бірнеше рет өзгеріс қажет, қоғамға да, билік басына да өзгеріс керек деген сөздерді жиі айтады. Романның төрінші бөлімінде Шамаил қазынасында мынадай әңгіме өрбиді:

نفخ علاء الدين في استياء وهو يقول :
- للأسف يا جلال الدين نحن الذين نزرع الجبروت والطغيان في نفوس حكامنا بتهاوننا في حقوقنا وإرخاء الطرف عن تصرفاتهم الهمجية الهوجاء دون أن ندري . لذلك لابد من الثورة .
- الثورة ستذهب بحكام وتأتي بآخرين ليسوا أفضل من سابقيهم .
- فليكن . المهم هو التغيير . نريد دماء جديدة .

Алә ад-Дин терең күрсініп:
- Жәләл ад-Дин, өкінішке орай, біз білместіктен олардың жабайылық пен жауыздық арқылы заң бұзушылығына көз жұмып, өз құқықтарымызға немқұрайлы қарау арқылы басшылардың бойындағы жауыздық пен қатыгездікті өзіміз тудырамыз. Сондықтан да бізге төңкеріс қажет.
- Төңкеріс арқылы қазіргі басшыларды қуғанмен, олардың орнына бұрынғыдан да жақсы басшылар келмейді ғой.
- Бірақ, ең бастысы өзгеріс... Қанның жаңарғанын қалаймыз... [1, 41].

Міне, жоғарыда келтірілген үзіндіден жазушының қалауын, оның арманы мен өзінің романы арқылы жеткізгісі келген ойды да аңғару қиын емес. Автор бар болғаны халықтың көзін ашып, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы үшін елде бір өзгерістің болуы қажет екенін түсіндіргісі келетіндей.
Салах Маата өмірге шынайы көзбен қарап, мистикалық көріністерден бас тартады. Оның авторлық ұстанымы – қоғамда шынайы орын алған надандық, зұлымдық, қаталдық, әділетсіздік сияқты жағымсыз сипаттарды көрсету болып табылады. Мәмлүктер кезеңінде болған оқиғаны баяндай отырып, бір ғана кейіпкерге үлкен көңіл бөліп, оның психологиялық жағдайына, ішкі әлемі мен оны қоршаған әлеміне басты назар аударса да, ондағы тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар арқылы қазіргі таңда орын алған шынайы өмір мен ащы шындықты көрсетеді.
Оның ағылшын, француз тілдеріне аударылып, үлкен жетістікке жеткен романдарының бірі ретінде мәмлүктер кезіндегі тарих баяндалатын «Шамаил қазынасы» атты романы араб әдебиетінде ерекше орынға ие. Мысырда әмір болған Алам ад-Дин Шамаилдің Каир қаласында өзінің атын тарихта қалдыру мақсатымен әл-Камил Мухаммад ибн әл-Аділ Абу Бакр ибн Аййубтің тұсында салдырған Шамаил қазынасы атты Шейх әл-Махмуди қамалып, бұл жерден шықса Шамаил қазынасын бұзып, орнына үлкен мешіт тұрғызуға ант бергенін жоғарыда айтқан болатынбыз [1].
Түрмеден шыққан Шейх әл-Махмуди өзінің уәдесін орындап, сұлтандыққа қол жеткізген соң Шамаил қазынасын бұзып орнына Каирдегі үлкен мешіттердің бірі әл-Муайяд мешітін тұрғызады. 1425 жылдан басталған мешіттің құрылысы бес жылға созылады. әл-Муайад деп аталатын бұл мешіт Каир қаласының оңтүстігінде орналасқан. Қола пластинадан жасалған үлкен есігінің ұзындығы 5,8 метр. Оның кең алаңы субүркегіштер мен жасыл желектер арқылы көмкеріле түседі. Шейх әл-Махмуди мешітте түрлі ғылым саласындағы мыңдаған кітаптан тұратын үлкен кітапхана мен білім беретін медресе де салдырған. Ол туралы тарихшы әл-Мақризи де өз еңбектерінде атап өткен [13].
Қазіргі таңда әл-Муайяд мешіті Каир қаласының оңтүстігінде орналасқан ең үлкен мешіттердің бірі, бұл жер 2002 жылдан бастап Египет мәдениет министрінің нұсқауымен туристтік аймаққа айналған [13].
Салах Маатаның «Шамаил қазынасы» атты романын оқу барысында автордың араб әлемінде болып жатқан талас-тартыстар мен алауыздықтарды, әсіресе Ирак пен Америка арсындағы соғыстан кейінгі араб елдерінде орын алған саяси жағдайларды Сұлтан Насыр Зин ад-Дин Абу ас-Суадат Фараж ибн Бурқуқтың тұсындағы тарихи оқиғалар арқылы көрсеткенін байқауға болады [9].
Салах Маата шынында да тарихи шындық арқылы қазіргі араб әлемінде орын алған әлеуметтік шындықты, адамдардың тарихы мен олардың өмір жолын көрсетуде үлкен жетістікке жетті [8].
Салах Маата өз шығармаларында қоғамда болып жатқан ащы шындықты көрсете отырып, сол замандардағы арабтар арасында кең тараған әдет–ғұрып заңдылықтарының қатыгездігін, адам теңсіздігі мен қоғамда кең жайылған әділетсіздікті әшкерлей отырып, араб қоғамының алға ілгерілеуіне зор үлесін қосқан. Ол бұл жолда аянбай еңбек еткен. Адамдар жүрегінде қайырымдылық, адамгершілік, еңбекқорлық сынды сезімдерді орнатқысы келген. Әлем әдебиетіндегі өзекті тақырыптардың бірі – белгілі бір халықтың бейнесін, оның жан дүниесін, жан–жақты ашу мен жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалау болып табылса, Салах Маата да өз шығармаларында 80 жылдардан бастап араб әдебиетінде алға қойылған осы мәселені тілге тиек етіп, оны ұлттық ерекшеліктер арқылы әрлендіре түседі.
Қаншама әдебиет өкілдері түрлі кезеңдерде тәуелділік пен еріксіздік сияқты ұғымдардан арылуға тырысып, осы тақырыптарда өшпес шығармалар жазып, бүкіл қаламгерлік ғұмырын арнап, түрлі жағдайларда жеке адам тағдырының құрбандықа шалынуы мен әділетсіздікке ұшырауын басты орынға ала отырып, халықтың санасын ояту үшін аянбай еңбек етіп, бақытты ұрпақ тәрбиелеудің жолын көрсетуді мақсат еткен. Салах Маатаның айтпағы да осы мәселелермен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені ол өзінің «Шамаил қазынасы» атты романының бас кейіпкері Жәләл ад-Дин Жумдардың бейшара халге түсіп, бір сәтте өмірінің тас-талқаны шығып, бақытынан айырылуы ең алдымен араб халқының ұлттық дүниетанымы мен діни – философиялық көзқарастарынан бастау алып жатқанын аңғару қиын емес.
Салах Маата өзінің жоғарыда аталған шығармасы арқылы Жәләл ад-Дин сынды араб қоғамындағы әділетсіздік пен қатыгездіктің құрбаны болып отырған мыңдаған адамның тағдырын шынайы көрсете білді.
Салах Маата – аса нәтижелі, білімді және ойшыл араб жазушыларының бірі. Оның романдары араб тарихын көркейту мақсатында жазылған тарихи еңбектерінің құнды бөлігі. Маата шығармаларының басқа шығыс зерттеушілерінің еңбектерінен негізгі айырмашылығы Маатаның тарихи шындық арқылы, әсіресе Египеттің өткен тарихын басты назарға ала отырып, қазіргі кезде қоғамда орын алған жағдайларды шебер әрі әсерлі көрсете алуында. Оның еңбектері басқа шығыс авторларында кездесе бермейтін көптеген дәлелдермен құнарландырылған.
Салах Маатаның романдары - өмір мен әрекет романдары, онда психологиялық анализ де шебер қолданылған. Кейбір жағдайларда драматизм өте шебер көрсетіліп, кейде ол тек сахналық тұрғыда қалып, кейіпкерлердің ішкі әлемі жайында біз олардың сөздері мен іс-әрекеттерінен біле аламыз. Негізінен Маатаның романдарына жалпылама немесе, әрқайсысына бөлек-бөлек баға беру үшін арнайы зерттеу жүргізу керек, себебі бұл романдар, көркем өнер шығармалары ретінде де тарихи иллюстрация ретінде де - зерттеуге тұрарлықтай туындылар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Салах Маата. Хизанат Шамаил, 2008. – 246 б.
2. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы: Мектеп, 1988. – 163 б.
3. Әлібекұлы А. Мәмлүктер кезіндегі түркі-қыпшақ әдебиеті (дамуы, әдеби өкілдері, өлең өлшемі). Автореферат. - Алматы, 2005.-26 б.
4. Шильтбергер Иоганн, Путешествие по Европе, Азии, Африке. С 1394 года
5. Наталья Басовская, профессор РГГУ. Эхо Москвы (13 февраля 2010 г.).
6. Руи Гонсалес де Клавихо. Дневник путешествия в Самарканд ко двору Тимура (1403-1406).
7. Олдридж Джеймс. Каир. Биография города. Перевод с английского О.Орестова. - Москва, 1970, - 85-86 сс.
8. Абуд Мұстафа Абуд. Хизанат Шамаил... Тарихи роман қалай жызылады?// әл-Уафд, 23.08.2008.
9. Сами Фарид. Маза йабқа? Мин Хизанат Шамаил йахруж ат-Тарих// әл-Аһрам, 22.05.2008.
10. www. stepanstep.ru/news
11. www.news.ru,
12. www.gumilevica.kulichki.net/works
13. www.venividi.ru
14. http://www.coptichistory.org/new_page_1994.htm
15. www.rian.ru/docs/about

***
В статье рассматриваются роман «Хизанат Шамаил» египетского писателя современника Салаха Маата и его исторические истины

***

The article discusses contemporary Egyptian writer Salah Maata’s novel "Hizanat Shamail" and it’s historical






الرجوع الى أعلى الصفحة اذهب الى الأسفل
https://salah-maaty59.ahlamontada.com
 
"حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى"
الرجوع الى أعلى الصفحة 
صفحة 1 من اصل 1
 مواضيع مماثلة
-
» "حقيقة تاريخية الرواية خزانة شمائل للكاتب المصري صلاح معاطى"
» العمر خمس دقائق مجموعة قصصية لصلاح معاطى قراءة نقدية جديدة للدكتور نادرعبدالخالق
» العمر خمس دقائق مجموعة قصصية لصلاح معاطى قراءة نقدية جديدة للدكتور نادرعبدالخالق الحلقة الثانية
» ترجمة "خزانة شمائل" إلى اللغة القازاقية
» مناقشة رواية خزانة شمائل بمكتبة مصر العامة

صلاحيات هذا المنتدى:لاتستطيع الرد على المواضيع في هذا المنتدى
موقع الكاتب صلاح معاطي :: الأدب :: دراسات أدبية-
انتقل الى: